Қазақстандық шенеуніктердің көбісі ақшасын Сингапурда сақтайды екен

11:18, 29 шілде 2021
167

© Сурет: kakzarabativat.ru

Қазақстандық шенеуніктер қаржысын көбіне Сингапурде сақтайды. Ал жылжымайтын мүлікті Ресейде сатып алғанды жөн көреді, деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Биыл Кіріс және мүлік декларациясын 465 мың жеке тұлға тапсырған. Олардың арасында мемлекеттік қызметшілер, соған теңестірілген азаматтар және олардың жұбайлары бар.

Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, табысын жария еткен 465 мың тұлғаның 117-сі шетелде шот ашқан. Басым бөлігі Сингапурде. Қаржысын Лихтенштейн княздігі мен Ресейде сақтайтындар да аз емес.

Сондай-ақ сырт мемлекеттерде қазақстандық шенеуніктердің атына 221 жылжымайтын мүлік тіркелген. Оның 90%-ке жуығы Ресейде орналасқан.

Бір қызығы, мемлекеттік қызметшілердің өз елімізде қандай мүлкі бары белгісіз. "Оны жариялау туралы декларацияда талап жоқ", - дейді комитет өкілдері.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!