Қазақстандық компанияларға инвесторлардың қызығушылығы артты

12:25, 18 маусым 2018

2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталдағы инвестициялар көлемі 3,4 трлн теңгеге жетті, – деп хабарлайды LS.

Бұл көрсеткіш 2017 жылдың бес айымен салыстырғанда 25,3%-ға артты.

Негізгі капиталда инветициялардың артуы өткен жылдың қаңтар-мамыр айларымен салыстырғанда Қазақстанның 14 өңірінде белгіленді. Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан (2,1 есе) мен Атырау облыстары (1,5 есе) ең жоғары көрсеткіштерді беріп отыр.

2018 жылдың соңғы бес айында құрылыс және күрделі жөндеудің жұмыс көлемі 1,4 трлн теңгені, машина алу мен жабдықтау үшін 1,3 млрд теңгені құрады, ал басқа да шығын 705,2 млрд теңгеге жетті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!