Қазақстандық әйел 4 км жаяу жүріп, көліктер тізбегін қарлы бораннан алып шықты
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт нашарлап, қыс әлі де қайтар емес. Жолдарда көріну деңгейі нөлге жақын, қатты боран мен қарлы дауыл жүргізушілер үшін үлкен сынаққа айналды. Осы сәтте Қазнетте бір әйелдің көліктер тізбегін қар құрсауынан қалай алып шыққан бейнесі кең таралуда.
Instagram желісінде 2026 жылғы 10 наурызда жүргізуші түсірген бейне жарияланды. Видеода көліктің қарлы боранның арасымен алға қарай баяу жүріп келе жатқаны көрінеді. Жүргізуші алдында жүрген адамның бейнесін бағыт ретінде ұстап, соның соңынан ілесіп отырғанын айтады.
Жүргізушінің сөзінше, ол адамның кім екенін білмеген, алайда оның көмегінсіз бұл жолдан шығу мүмкін болмаған.
Кейін белгілі болғандай, адамдарға көмектескен – жергілікті тұрғын әйел екен. Оқиға туралы желі қолданушыларының бірі алғыс айтып, кейбір мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, әйел 10 наурыз күні сағат 16:00-ден 18:30-ға дейін, қарлы боран кезінде көліктер тізбегін жолдан алып шыққан.
Белгілі болғандай, оның аты – Мария Бедрина. Ол боранда жол бойымен жаяу жүріп, көліктерге бағыт көрсеткен. Ол шамамен 4 шақырым жаяу жүрген.
"Мария боранда тасжолмен жаяу жүріп, көліктер колоннасын бастап отырды. Ол 4 км жүріп өтті. Көліктер оның соңынан ілесіп отырды. Ол 2025 жылы осындай ерлік жасаған полиция қызметкерінің әрекетін қайталады. Сізге үлкен рақмет, Мария Бедрина", – деп жазылған ақпаратта.
Өз кезегінде жағдайды желідегі ағайын қызу талқылап, әйелдің қазіргі жағдайына алаңдаушылық білдірді. Дегенмен, көп ұзамай пікірлердің біріне Марияның қызы жауап беріп, анасының жағдайы жақсы екенін хабарлады.
Бұған дейін Павлодар облысында қарлы боранда мал іздеуге шыққан малшының жапан далада өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:24, 12 наурыз 2026
Гимнаст Ақмарал Ерекешева Астанада өткен халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
-
18:08, 12 наурыз 2026
Алматыда көлік айналарын ұрлаумен айналысқан күдікті қамауға алынды
-
18:02, 12 наурыз 2026
Қазақстанда 13 наурызда ауа райы бұзылады
-
17:45, 12 наурыз 2026
Қазақстандықтар тегі өзгерген жағдайда дипломды қалай қалпына келтіре алады
-
17:39, 12 наурыз 2026
Қазақстандық конькимен жүгіруші Нидерландтағы турнирде жеңіске жетті





