Қазақстандық бапкердің командасы Чемпиондар лигасында айды аспанға бір-ақ шығарды

10:29, 18 шілде 2018

Чемпиондар лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қазақстандық бапкер Владимир Чебурин жетекшілік еткен литвалық "Судува" командасы екі матчтың қорытындысы бойынша кипрлық АПОЭЛ клубын артқа тастады, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Бірінші матчта "Судува" өз алаңында кипрлықтарды 3:1 есебімен ұтқан. Ал қарымта ойын 1:0 есебімен АПОЭЛ пайдасына шешілді. Жиырмасыншы минутта Микаэль Поте гол соққан. Алайда, жеңілісіне қарамастан, литвалық команда іріктеудің екінші кезеңіне жолдама алды. Айта кетсек, бұл тартыстың айқын фавориты, букмекерлік кеңселердің пайымдауынша, АПОЭЛ болған еді.

Екінші іріктеу кезеңінде "Судува" "Спартак" (Латвия) — "Црвена Звезда" (Сербия) кездесуінің жеңімпазымен бақ сынасады.

Естеріңізге сала кетсек, өткен маусымда Чебуриннің командасы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен болатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!