Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы алты медаль жеңіп алды

22:25, 24 мамыр 2026

© Сурет: United world wrestling

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасында Азия чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кезекті жарыс күнінде грек-рим және әйелдер күресінің балуандары сынға түсті. Отандастарымыз алты медаль жеңіп алды.

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алина Ертөстік (76 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін), Диас Нұрақов (63 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін грек күресінен Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі. Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!