Қазақстанды Олимпиада медалінен айырған балуан спорттан шеттетілді
© Сурет: uww.org
Ұлттық допингке қарсы агенттік үндістандық әлемдік күрес жұлдызы Байранга Пунияны төрт жылға дисквалификациялады. Себебі осы жылдың наурыз айында ол допингті анықтау сынағынан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
sportarena.kz мәліметінше, Пуния бірнеше жыл бойы қазақстандық Дәулет Ниязбековтің 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ең мықты қарсыластарының бірі болды. Мәселен, Токио Олимпиадасында қола медаль үшін күресте ол біздің отандасымызды 8:0 есебімен жеңді.
Үнді спортшысының мансабындағы негізгі жетістіктері: екі Азия чемпионатының қола жүлдегері (2013, 2018), төрт Азия чемпионатының финалисті (2014, 2020, 2021, 2022), Азиада финалисті (2014), екі дүркін Азия чемпионы (2017, 2019), Азиада чемпионы (2018), Әлем чемпионатының финалисті (2018), үш әлем чемпионатының қола жүлдегері (2013, 2019, 2022), Олимпиаданың қола жүлдегері (2021). Үндістан Республикасының спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Бұған дейін титулға ие қазақстандық таэквондисттің мансабын аяқтағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:11, 29 қараша 2024
Доллардың нығаюы: азық-түлік бағасының өсуі мүмкін бе
-
14:54, 29 қараша 2024
Атыраулықтар сібір жарасына байланысты тіпті тексерілген жерден ет өнімдерін сатып алуға қорқып қалған
-
14:41, 29 қараша 2024
Мұз айдындары, сырғанақтар, фотоаймақтар: Астана жаңа жылға орай қалай безендіріледі
-
14:29, 29 қараша 2024
Қазақстанда 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды
-
14:15, 29 қараша 2024
Депутаттар «7-20-25» бағдарламасының шарттарын қайта қарауды ұсынды