Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептелетін болды

11:30, 4 тамыз 2020

Қазақстандағы коронавирус көрсеткіштері қайта есептелетін болды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- 1 тамыздан бастап коронавирус статистикасын есептеудің тәсілінің өзгеруіне байланысты Денсаулық сақтау министрлігі тамыздың алғашқы 10 күніндегі мәліметтер негізінде вирустың репродуктивтілік көрсеткіштерін қайта есептейді. Одан соң әр аймақтардағы жағдайды да бағалайтын боламыз, - деді ол.

10 тамыздан бастап Денсаулық сақтау министрлігі вирустың репродуктивтілік көрсеткішін де есептеп отыратын болады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!