Қазақстанда 2026 жылы екі жаңа казино құрылысы басталады
© Фото: pixabay
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 9 маусымда Үкіметтегі брифинг барысында елімізде жаңа казино нысандарын салу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, құмар ойындарға арналған жаңа кешендер Қазақстанның екі өңірінде бой көтермек.
"Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа ойын аймақтары үшін жер телімдерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар әлеуетті инвесторлармен келіссөздер өтуде. Әзірге Алматы облысындағы Ақбұлақ аумағы бойынша нақты түсінік бар, онда белгілі бір инфрақұрылым дайындалған. Басқа өңірлер бойынша жұмыстар жалғасып жатыр", – деді министр.
Оның айтуынша, Алматы облысындағы жаңа казино 2027 жылы пайдалануға берілуі мүмкін.
Сондай-ақ тағы бір казиноны Маңғыстау облысы аумағында салу жоспарланған.
"Маңғыстау облысында да жобаны келесі жылы іске асыру көзделіп отыр. Ал басқа өңірлер бойынша инвесторларды анықтау жұмыстары әлі жалғасуда", – деп түйіндеді Туризм және спорт министрі.
Бұған дейін елімізде ұлттық парктер аумағына қонақүйлер, визит-орталықтар мен қазақ ауылдарын салу жоспарлануда екенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:27, 9 маусым 2026
ҚР Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды: Бекболат Молдабеков жайлы не белгілі
-
15:10, 9 маусым 2026
Алакөл мен Үржар әуежайын дамыту: Берік Уәли президентке Абай облысының қарқыны жайлы есеп берді
-
15:10, 9 маусым 2026
Тоқаев Берік Уәлиді қабылдады
-
15:04, 9 маусым 2026
Жаңбыр, найзағай мен +34°С-қа дейінгі аптап ыстық: Қазақстанның үш ірі мегаполисіне арналған ауа райы болжамы
-
14:50, 9 маусым 2026
Қазақстанда ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуге тыйым салу ұзартылды





