Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

15:27, 19 тамыз 2019

Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу одан сайын жеңілдеді – медициналық тексеру тәртібі өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

- Бұл өзгеріс жүрігузі куәлігін тұңғыш рет алатындар үшін ғана емес, 083У медициналық анықтамасы қажет ететін барлық жүргізушілер үшін ыңғайлы, - делінеді хабарламада.

Медициналық тексеру анықтамасы жүргізуші куәлігін тұңғыш рет алғанда, мерзімі өткенде немесе куәліктен айырылған жағдайда қажет.

Енді медициналық анықтама беретін комиссия құрамы 7 маманнан төрт маманға дейін қысқарды, терапевт, окулист, отоларинголог және психиатр-нарколог қана қалды. Сондай-ақ, енді қан тапсыру, зәр тапсыру, флюорография жасату сияқты тексерулер қажет емес.

- Психо және наркодиспансер анықтамаларын алу да жеңілдетілді. Енді терапевт ақпаратты ақпараттық жүйеден тексере салып, қажетті анықтама береді, - деп атап өті мемлекеттік корпорация өкілдері.

Елімізде жыл басынан бері 337 мың адам жүргізуші куәлігін алған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!