Қазақстанда жастарды қолдауға арналған бірыңғай бағдарлама пайда болуы мүмкін

12:39, 10 желтоқсан 2019
728

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдауға арналған бірыңғай бағдарлама не үшін қажет екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Неге біз жастарды қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасын қабылдауымыз керек? Қазіргі уақытта көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Олардың барлығы өзектілігін дәлелдеді, бірақ жастар кейде оның тетіктерінен, мүмкіндіктерінен айрылып қалады. Бірыңғай бағдарлама жастардың барлық санаттарын қамтиды және өскелең ұрпақтың көкейтесті мәселелерін шешуге бағытталады, - деді Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында.

Ол мұндай бағдарламаның маңызды тетіктері жас азаматтар үшін түсінікті және қарапайым болуы керектігін айтты.

- Барша қазақстандық жас өзі үшін Үкімет ұсынған қай жерде, қандай мүмкіндіктер барын білуі керек: кәсіби өсуі, жұмысқа орналасуы және баспана алуы бойынша. Осы тұрғыда оңай және түсінікті навигациялық тетікті құру керек», - деп сөзін толықтырды Мемлекет басшысы.

Президент Үкіметке келесі жылы осы негіздегі бағдарлама мен соған қатысты заң жобасын әзірлеуді тапсырды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!