Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы дайындалып жатыр

15:08, 17 тамыз 2018

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы пайда болады. "Қазақстандық ипотекалық компания" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Ақшорин қазір жаңа бағдарлама дайындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Ақшорин ақпаратты Алматыда өткен баспасөз конференциясында жариялады.

"Нұрлы жер" бағдарламасы жақында аяқталады.

"Әзірге жоба дайындалып жатыр. Директорлар кеңесі жаңа стратегия жасап шығуға тапсырма берді, одан әрі акционерлер бекітетін болады. Біз бұны жылдың аяғына дейін істеуге міндеттіміз. Бұл бағдарламаны алдымен директорлар кеңесі мақұлдауы тиіс, оған дейін детальдарын айта алмаймын", – деді Айсұлтан Ақшорин.

Естеріңізге салайық, "Нұрлы жер" ипотекалық бағдарламасына 160 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!