Қазақстанда жалған мекенжайлар бойынша заңды тұлғаларды тіркеуге тыйым салынады
© Фото: pexels
Әділет министрлігі заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қағидаларға қаржылық мониторинг субъектілерінің өз клиенттерін (олардың өкілдерін) тиісті тексеруден өткізуін және жылжымайтын мүлік иелерінің келісімінсіз жалған мекенжайларды пайдалана отырып заңды тұлғаларды тіркеудің алдын алуды қамтамасыз ететін нормалар енгізіледі.
Әділет министрлігінің мәліметінше, бұл түзетулер жалған операцияларды жүргізу мүмкіндігін азайту арқылы ел экономикасына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 2025 жылғы 15 қарашаға дейін көпшілік талқылауына орналастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





