Қазақстанда WhatsApp дұрыс істемей тұр

17:06, 11 маусым 2019

Қазақстанның бірқатар қалаларында WhatsApp мессенджері дұрыс жұмыс істемей, проблема туғызып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Біреулер медиафайлдарды не қабылдай алмай, не жөнелте алмай қиналғанына шағым айтса, енді біреулер WhatsApp компьютерден ашылмай тұр дейді.

Downdetector сайтының дерегінше, мессенджердің істен шығуы Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Павлодар және басқа да қалаларда байқалуда.

Алайда downdetector сайтындағы комменттерге қарағанда, WhatsApp тек Қазақстанда ғана "қуып" тұрған жоқ. Таңнан бері шағымдар Америка, Ұлыбритания, Румыния, Мальтадан келуде. Жұрт негізінен Whatsapp Web жұмысына шағымдануда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!