Қазақстанда «Үздік педагог» республикалық конкурсы басталды

14:50, 24 қыркүйек 2020
392

"Үздік педагог" атағын беру бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл "Үздік педагог" конкурсының республикалық кезеңіне 144 педагог өтінім берді. Оның ішінде: мектепке дейінгі және орта білім бойынша – 109, техникалық және кәсіптік білім бойынша – 35.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

"Үздік педагог" атағының иегерлерін анықтайтын Конкурстық комиссия құрамында Нұр-Сұлтан қаласының ата-аналар комитетінің төрайымы, "Kazakhstan Parents Union" қоғамдық қорының төрайымы, Қоғамдық маңызды бастамалар қорының "Әлем мұғалімі – Қазақстанда" жобасының үйлестірушісі, "ADAL BILIM" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисінің сарапшылары, "Серпін" Ұлттық білім және инновация палатасының директоры, "Атамекен" ҚР ҰКП өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, кәсіподақ, мемлекеттік және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

"Мұғалімдер күні қарсаңында Конкурс нәтижесі шығарылып, еліміздің үздік педагогтері анықталады", – деп хабарлады вице-министр Шолпан Каринова.

9 жыл ішінде "Үздік педагог" конкурсының жеңімпаздары болған мектепке дейінгі және орта білім, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің 432 педагогіне 1000 АЕК ақшалай сыйақы берілгенін айта кеткен жөн.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!