Қазақстанда ұшақта 20 келі багажды тегін тасуға тыйым салынбақ

10:59, 18 сәуір 2019

Өткен аптада Сенат багаж құнын әуе тасымалдаушылардың өздері бекітуді көздейтін заң жобасына түзетулерді мақұлдаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 баптың 4 бөлігі жаңа редакцияда былай жазылды: Әуе көлігінде қол жүгі мен багажды тегін тасымалдау нормасын, салмағы мен көлемін тасымалдаушы бекітеді.

Бұрынғы заңда салмағы 20 келіден аспайтын қол жүгін тегін тасымалдау бекітілген болатын.

Осылайша, ұшақта багажды тегін тасуға болмайтын сияқты.

Түзетулердің авторлары, оның ішінде мәжіліс депутаты Павел Казенцев осылайша авиабилеттер құнын төмендетуге болады деп санайды. Алайда бұл түзету қабылданып кетсе, қазақстандықтар багажының әр келісіне ақы төлеуге мәжбүр болады, ал әуе тасымалдаушылары тарифтерін төмендете қояды деп ешкім айта алмайды.

Ал қоғам өкілдері бұл норманың тұтынушылар құқығын бұзатынын айтып, ондай талапты тек лоукостерлерге ғана қоюға болады дейді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!