Қазақстанда теле-радио хабар тарату уақытша тоқтатылады

11:57, 23 сәуір 2021

© Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

2021 жылдың 27 сәуірінде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Айта кетсек, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

"Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет", делінген ресми хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!