Қазақстанда шетелдіктерге баспана сату мәселесі оңтайлануы мүмкін

11:07, 10 қаңтар 2019

Қазақстанда шетелдіктерге баспана сату мәселесі оңтайлануы мүмкін, деп хабарлайды zakon.kz, «Хабар 24» арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Әзірге тұрақты мекенжайы жоқ заңды тұлғалар ған, коммерциялық тұрғын үй алуға құқылы, деп хабарлайды. Енді Еуразиялық экономикалық одақ пен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне Қазақстаннан жылжымайтын мүлік алу тәртібі жеңілдейді.

Жаңашылдықтың өз талаптары бар. Тұрғын үйдің 100 шаршы метрі 150 мың долларға бағалануы тиіс. Әрі тәжірибе Алматы мен Астана қалаларында жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, тұжырымдама авторлары шетелдіктердің Қазақстаннан баспана алуға асықпайтынын ескерткен. Әлемнің әр түкпірінде бір-бір үйің болса, шіркін. Арманы мақсатқа, мақсаты шындыққа айналған қазақстандықтар да жоқ емес.

Өткен жылы да отандастарымыз алты құрлықтан баспана алып, бақытқа бөленген. Әсіресе, Түркия көшелерінде қазақстандықтарға тиесілі үйлер көп. Кезекті мемлекет Испания. Барселона мен Канар аралдары көпшілік қызығушылығына ие. Болгарияда 30 мың долларға бағаланған үйлер көп.

2017 жылы көптеген қазақстандықтар дәл осы елден баспана алғанды жөн көрген екен. Ондықты Германия, АҚШ, Чехия, БАӘ, Италия, Канада, Греция елдері жалғастырады. Шетелдегі үйлерге Қазақстан азаматтары 300 мың долларға дейінгі қаражатын жұмсайды екен.

Бастысы, баспана демалуға ыңғайлы, көрікті мекенде орналасса болғаны. Ядролық және радиациялық технологиялар саласындағы парк қызметін үш жыл бойы сақтау, жылдық кіріс мөлшерін 131 миллион теңгеден түсірмеу. Бұл Курчатов қаласындағы «Ядролық технологиялар паркін» сатып алушыларға қойылған басты талап. Үміткерлерді қорқытты ма, әлде қызықтырмады ма? Әйтеуір кезекті тендер, осымен төртіншісі өткізілмей қалды.

Бұған себеп – қатысушылардың жоқтығы. Айта кеткен жөн, парктің бастапқы бағасы 6,8 миллиард теңге болды, енді 4,8 миллиард теңгеге бағалануда. Жалпы активтер 5,3 миллиард теңге көлемінде. Активтерді еншілеуге ресейлік қаржы тобы да ниет білдірген.

Алайда саудаға қатыспапты. «Ядролық технологиялар паркі» АҚ басқарма төрағасы Александр Борисенконың айтуынша, мекеменің жекенің қолына өтуі тиімді. Түрлі кедергілерді оңай еңсеру мүмкіндігі туар еді.

Сондықтан келесі тендерге баға тағы төмендетілуі ықтимал. 2020 жылы барша қазақстандықтар қолдағы дүние-мүлкі бойынша есеп беруге міндетті. Бүгінде 13 млн адамның декларациялау жүйесіне қатысатыны белгілі. «Форма №250» деп аталатын құжатта 2019 жылдың соңында иеліктегі банк шоттары, несие, дүние-мүлік туралы ақпараттар көрсетілуі тиіс. Декларация 15 шілдеге дейін және 15 қыркүйекке дейін өткізіледі. Бірі қағаз жүзінде, екіншісі электронды форматта. Ал «Форма №260» деп аталатын қысқа және кеңейтілген декларацияны студенттер мен зейнеткерлер тапсырады.

Декларация E-gov сайтындағы салық төлеушілер кабинетінде автоматты түрде толтырылады. Бастама мақсаты – көлеңкелі экономика және сыбайлас жемқорлықпен күрес жолында азаматтардың кірісі мен мүлкін бақылау. Астана қаласындағы басты инвесторлар белгілі болды. Қала экономикасының 58,5% шағын және орта бизнес құрайды. Олар елорда игілігіне 1 трлн теңгеден аса инвестиция құйған.

Жалпы Астанада шағын және орта кәсіп үлесі шамамен 22% артыпты. Бүгінде салада 100 мың адам тіркелген. Олар «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шарапатын көріп келеді. Өткен жылы ғана 132 жобаға 32,3 млрд теңге бөлінген. Айтпақшы, түскен салықтың жартысынан көбі, яғни 560 млрд теңге шағын кәсіп иелеріне тиесілі.

Кәсіпкерліктің дамығаны жақсы, әрине. Жаңа жұмыс орындары ашылып, халықтың ахуалы түзелетіні белгілі. Астанадағы жағдай қалай? Бүгінде салада еңбек етіп жатқан астаналықтардың үлесі 6,2% артқан. Деректерге сүйенсек, ай сайын елордада орташа алғанда 1500-ға жуық жаңа шағын және орта бизнес субьектілері ашылады екен. Демек, жұмыс көзі де көбейе береді.

Бір жылда «ҚТЖ» желісі бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 6,6% артып, 222,5 млрд тонна-шақырымды құрады. Тасымалданған жүктің 170 млн тоннасы ел ішінде, қалғаны экспортқа жөнелтілді. 2018 жылы негізгі барлық номенклатуралық жүктер бойынша өсім байқалды. Мысалы, көмір тасымалы 2017 жылмен салыстырғанда 3% артып, 105 млн тоннаны құрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!