Қазақстанда орташа жалақы өсті

18:52, 9 тамыз 2022

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 312 011 теңгеге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды.Ұлттық статистика бюросы

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 196 728 теңге болды.

Медиандық жалақы 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%, нақты мәнде 2,8% өсті.

Медиандық жалақы – жұмыстың барлық санын екі тең бөлікке бөлетін шама: 50% осы мәннен төмен төленеді және 50% жоғары төленеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!