Қазақстанда оқушылар арасында жиі кездесетін аурулар белгілі болды
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстандағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева мектеп оқушылары арасында кеңінен тараған ауруларды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мектеп оқушылары арасындағы аурулардың ішінде бірінші орында асқазан-ішек жолы дерттері тұр, яғни бұл жағдай тексерумен қамтылғандардың 25 пайыздан астамына қатысты. Екінші орында көз аурулары тұр (16 пайыз), ал үшін орында тыныс алу мен қан айналымы органдары», - деді С. Айтпаева Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым министрлерінің атына жолдаған сауалында.
Оның сөзіне қарағанда, бірінші сыныптағы әрбір бесінші оқушының денсаулық жағдайында ауытқулар байқалады. Бұдан бөлек, әр үшінші оқушы мектепті тәмамдаған кезде 2-3 медициналық диагнозды алып үлгереді.
«Белгілі болғандай, балалық шақта және мектеп жасында дұрыс тамақтану ұстанымдарының бұзылуы салдарынан балалардың денсаулығына айтарлықтай зақым келеді. Яғни осы кезеңде олар үшін ақыл-ой, денеге түсетін жүктемелері басым болады. Сонымен қатар, балалар арасында артық салмақ жағдайы да кездеседі», - деді Сәуле Айтпаева.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстандағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл 13-15 жастағы оқушылар арасында күн сайын 14,8 пайызы темекі тартатынын, 18 пайызы алкогольдік ішімдікке әуес екенін айтқан болатын.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:59, 23 сәуір 2024
Көкшетауда өрт сөндірушілер өртеніп жатқан үйден төрт газ баллонын шығарды
-
22:28, 23 сәуір 2024
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендерге мектеп оқушылары да көмектесіп жатыр
-
22:03, 23 сәуір 2024
Душанбедегі Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
-
21:56, 23 сәуір 2024
Ислам Сәтбаев - Олимпиадаға қатысатын қазақстандық тұңғыш мерген
-
21:08, 23 сәуір 2024
Су тасқыны: Түркістан облысы тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды