Қазақстанда 1 наурыздан бастап көктемгі әскерге шақыру басталады

09:24, 20 ақпан 2019

ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап азаматтарды көктемгі мерзімдік әскери қызметке шақырту басталады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл көктемде мерзімдік әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған.

Әскерге шақыру науқаны мен медициналық тексеру тәртібіне қатысты туындайтын сұрақтарды халыққа түсіндіру мақсатында 8 (7172) 72-14-20 және 72-16-06 телефон нөмірлері бойынша байланыс желісі ұйымдастырылады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!