Қазақстанда 16 мыңнан астам шетелдік азамат жұмыс істеп жүр

11:25, 29 қыркүйек 2020
368

2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 16 мың 378 рұқсат қолданыста, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның 637-сі бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары), 3481-і екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) берілген. Iетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың басым бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға қатысты болып отыр - тиісінше 7617 адам және 1153 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 1792, корпоративішілік ауыстыру шеңберінде 1698 адам тартылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартатын 1803 жұмыс беруші бар. Оларда 454 379 мыңға жуық Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96%-ын құрайды.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері: Қытай - 3579 адам, Өзбекстан - 1774, Түркия - 1 661, Үндістан – 1266 және Ұлыбритания - 1081.

Еске сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын елімізге шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді.

2020 жылға ШЖК тартуға квота республиканың экономикалық белсенді тұрғындарының 0,32% -ы мөлшерінде (шамамен 29,3 мың адам) белгіленді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!