Қазақстанда 19 мың шетелдік жұмысшы жүр
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) – 445 (23%), үшінші (мамандар) – 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) – 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыруға 1 744 адам (9%) тартылды.
Шетелдік жұмыс күшін тартқан жұмыс берушілер саны 2040 адамды құрайды, оларда 508 755 қазақстандық азамат жұмыс істейді, бұл жалпы жұмысшылар санының 96,3%-ын құрайды.
Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді – 8623 адам (45%). Тау-кен өнеркәсібінде 2 213 (12%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 55 (0,3%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557 (8%), өңдеу өнеркәсібінде – 1 397 (7%) шетелдік жұмыс істейді.
Еңбекші мигранттарының негізгі шығу елдері: Қытай – 4 524 адам (24%), Өзбекстан – 781 (4%), Түркия – 1 964 (10%), Үндістан – 1 893 (10%), Ұлыбритания – 1 368 (7%) болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді. 2019 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты 0,54% немесе 48,7 мың бірлік мөлшерінде бекітілді. 2020 жылға – 29,3 мың бірлік немесе 0,32%.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:58, 25 сәуір 2024
Қырғызстан ауылдарында сел жүрді
-
13:33, 25 сәуір 2024
Қазақстанда ТЖМ техникалық базасы жаңартылады
-
13:20, 25 сәуір 2024
Президент су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіруге қатаң мерзім қойды
-
13:08, 25 сәуір 2024
Мемлекет басшысы қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімді
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды