Қазақстанда 6 млн-ға жуық бөтелке заңсыз алкогольді өнім тәркіленді

14:56, 24 мамыр 2018
471

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің осы жылдың 4 айындағы қорытындысына қарағанда, елімізде заңсыз айналымнан 2 043 046 жалған есепке алу-бақылау маркасы, сонымен қатар 600 дана жалған есепке алу-бақылау маркасы лентамен, 5 772 476 бөтелке тіркелмеген алкогольдік өнім және 23 154 литр спирт алынды, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Экономикалық тергеу қызметінде 127 қылмыстық іс өндірісте болған, осы жылы 73 іс тіркелген, ҚР ҚК 214-бабы (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік қызмет) бойынша – 22 және ҚР ҚК 233-бабы бойынша – 51 заңсыз айналымнан алкоголь өнімдерін әзірлеуді анықтау жұмыстары айтарлықтай жанданды», - делінген Комитеттің ресми сайтында.

Алкогольдік өнімдерді дайындау бойынша 12 цех анықталды және қызметі тоқтатылды, оның ішінде 10 цех бойынша қылмыстық істер өндіріспен аяқталды.

Айта кетсек, 2016 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 2017 жылға алкоголь өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелері 1 литрі үшін 2000 теңге 2018 жылы кезең-кезеңмен 2275 теңгеге дейін және 2019 жылы 2550 теңгеге дейін көтеруге белгіленді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!