Қазақстанда медициналық жеке қорғаныс құралдарын экспорттауға тыйым салынды

12:59, 20 ақпан 2020
479

Қазақстанда медициналық жеке қорғаныс құралдарын республикадан тыс шығарып, сатуға ресми түрде тыйым салынды, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті мұның ұлттық қауіпсіздік пен қазақстандықтардың денсаулығын қорғау мақсатында жасалғанын түсіндіреді.

ҚР Премьер-министрінің "ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі шаралар туралы" 2020 жылғы 29 қаңтардағы қаулысына сәйкес, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің (2019-nCov) Қытай Халық Республикасында және басқа елдерде таралуына байланысты, денсаулық сақтау саласында төтенше жағдайдың орын алуын болдырмау және инфекцияның таралуын шектеу үшін осындай шешім қабылданды.

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапаны бақылау комитетінің төрағасы жеке қорғаныс құралдарын (респираторлар, қорғаныс көзілдіріктері, I-II-типтегі қорғаныс (обаға қарсы) костюмдерді немесе бір реттік қорғаныс (обаға қарсы) костюмдерін, медициналық маскаларды, респиратор маскаларды, халаттарды, қолғаптарды) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салатын бұйрық шығарды, делінген комитет хабарламасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!