Қазақстанда медициналық масканың шекті бағасы белгіленді

15:18, 9 сәуір 2020
491

Сауда және интеграция, Ұлттық экономика және денсаулық сақтау министрлерінің бірлескен бұйрығымен Қазақстандағы медициналық масканың шекті бағасы бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, медициналық масканың біреуінің шекті бағасы 118 теңгені құрайды.

Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды денсаулық сақтау, сауда және интеграция, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрлері жүзеге асырады.

Бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!