Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийі қайталанбайды - Тоқаев

10:52, 3 маусым 2020

Қазақстанда Қырым немесе Донбасс сценарийі қайталанбайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правдаға" берген эксклюзивті сұхбатында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Кейбір сарапшылар Қырым немесе Донбасс сценарийінің Қазақстандағы қайталануы туралы "болжам жасап жатады".

Кейбір сарапшы сымақтардың мұндай болжамдарына түк негіз жоқ. Негізінен, мұндай мәлімдемелер Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және мемлекеттеріміз арасындағы тату көршілік, одақтастық қатынастарды бұзуға бағытталған болуы мүмкін. Мұндай болжамдарды тек өзгенің сойылын соятын біліксіз адамдар, ниеті бұзық адамдар ғана айта алады, - деді Тоқаев.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!