Қазақстанда күн сайын ондаған жануарларды поезд қағады

16:51, 23 қыркүйек 2021

© Сурет: inform.kz

Әрбір кезекші тәулікте көлік полицейлері жылқыларды, түйелерді және ірі-қара малды қағып кету фактілерін тіркейді. Мұндай оқиғалардың саны кейде күніне бірнеше ондаған үй жануарларына дейін жетеді, дейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мұндай жағдайлар, жануардың өліміне және, тиісінше, оның иелеріне зиян келтіруден басқа қандай қауіп төндіруі мүмкін? Осы кезде шұғыл тежеу фактілері және жолаушылар мен жүк поездарының ұзақ уақыт тұрып қалулары орын алып жатады.

Мәселен, кеше осындай факті Қарағанды облысының аумағында тіркелді. "Байқоңыр-РЗД-5" аралығында "Павлодар-Қызылорда" бағытындағы жолаушылар поезды үш жылқыны қағып кетті. Нәтижесінде жануарлар өліп, олардың иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы, яғни "Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Дәл осындай жағдай "Манадыр-Жомарт" аралығында тіркелген. Жүк поезды жылқыны қағып кетіп, 42 жастағы малдың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас оқиға Түркістан облысында да орын алды. Қуанышқа орай, жүк поездының машинісі шұғыл тежеу қолданып, түйе табынымен соқтығысудың алдын алды. Түйелердің иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік полицейлері тағы да малшыларға қауіпсіздік шаралары туралы еске салып, теміржолдардың жанында мал жаю кезінде мұқият болуға шақырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!