Қазақстанда күн қайтадан суытады

16:00, 11 қараша 2019
327

Қазақстанда күн қайтадан суытады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

2019 жылдың 12-14 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

- Қатты суық антициклонның Қазақстанға ығысуы ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашынның жауына себеп болды. Бірақ мұндай ауа-райы тек бірер күнге сақталады. Осыдан кейін Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысқан атмосфералық фронттар оған қосылып, ол Қазақстанда жауын-шашынды жиілетіп, көктайғақ, тұман болуына әкеліп соғады. Ауа-райы температурасы біртіндеп көтеріледі. Бірақ ол да ұзаққа созылмайды. Өйткені Скандинавияның солтүстік аймақтарынан суық антициклон келе жатыр. Ол ең бірінші кезекте еліміздің батыс және солтүстік аймақтарын иектейді, делінген хабарламада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!