Қазақстанда қос азаматтық алып, заң бұзғандарға қатысты жаза күшейтілуі мүмкін

© Сурет: liter.kz
Соңғы кездері бізде қос азаматтығы барлар туралы фактілер жиі тіркелуде. Бұл үшін жауапкершілікті күшейтуге тура келетін сияқты, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚСК отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Қазақстан қос азаматтыққа тыйым салынған көптеген елдің қатарына жатады. Біздің Конституцияда тиісті норма бар, - деп еске салды Тоқаев отырыста.
Алайда, оның айтуынша, соңғы жылдары қос азаматтық фактілері жиілеп, тіпті мемлекеттік қызметкерлер арасында да тіркеле бастаған.
Мемлекет басшысы бұл белгілі себептерге байланысты жол беруге болмайтын және өте маңызды, онда да бұл ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселе екенін баса айтты.
Мұндай фактілердің жолын дереу кесу керек. Өткен жылы өз Жолдауымда мемлекеттік қызметкерлер, квазимемлекеттік ұйымдардың басшылары қос азаматтық алған жағдайда жұмыстан шығаруды тапсырдым. Үкіметтен және Мемлекеттік қызмет әстері агенттігінен осы бағытта атқарылған жұмыстың нәтижелері туралы есеп беруді сұраймын. Шамасы, мұндай заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті одан әрі күшейтуге тура келетін сияқты, - деді Президент.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:28, 20 сәуір 2021
Ақылды айтса құлақ аспай, ақымақтың сандырағына сенетін заман келді
-
17:04, 20 сәуір 2021
Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай баяндалды
-
17:03, 20 сәуір 2021
Байқаңыз! Алматыда Gelandewagen мінген 01-ші бай жүр
-
17:00, 20 сәуір 2021
Шыңғыс Айтматовтың жұбайы дүниеден озды
-
16:48, 20 сәуір 2021
ШҚО-да өзен жекенің қолына өтіп, балық қырылып қалды
Пікір