Қазақстанда көршілес елдегідей кешке жарықты сөндіру әдеті пайда болуы мүмкін бе - министр жауабы

17:43, 17 қараша 2025

© Сурет: pixabay

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы 17 қарашада Ақорда дәлізінде журналистерге берген сұқбатында сағат 22:00-ден кейін жарығы сөнетін Қырғыз еліндегідей электр энергиясы тапшылығы Қазақстанға төніп тұрған-тұрмағандығына қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, мұндай қауіп Қазақстанға төніп тұрған жоқ.

"Жалпылай қарастырсақ, Қазақстан электр энергиясын өндіру бойынша профицитті ел болып табылады. Бірақ, мына нәрсені дұрыс түсінген жөн: біз күндізгі уақытта профицит болғанымызбен, ал таңертең және кешке – қарбалас уақытта тапшылықта боламыз. Сондықтан да біз электр энергиясын Өзбекстан мен Ресей сынды көрші елдерден импорттаймыз. Жазда, тіпті қырғыз электр энергиясының бір бөлігін де тұтынамыз", - дейді Ерлан Ақкенженов.

Оның айтуынша, біз жылына 119 млрд кВт/сағ электр энергиясын тұтынамыз, ал өндіретініміз - 117 млрд, осы арадағы жетіспейтін 2 млрд кВт/сағ ең жоғары тұтыну сағаттарында жылдық тапшылықты құрайды.

Айта кетсек, 17 қарашада таңертең апатқа байланысты Алматының бір бөлігі жарықсыз қалды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!