Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе балаларға салына ма?

17:47, 25 қаңтар 2021

Қазақстанда балалар коронавирусқа қарсы екпе алмайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Sputnik V вакцинасы 18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

"Спутник V" вакцинасын 18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. Екпені тек ҚР 60 жасқа дейін кәмелетке толған азаматтары ғана ала алады. Қазақстанда өндірілген вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтың 3-ші кезеңінен өтуде" деп атап өтті құзырлы ведомствадағылар.

Министрлік мәліметі бойынша, бүгінгі күні отандық вакцина жөніндегі бекітілген нұсқаулық жоқ, сондықтан осы вакцина бойынша контингент анықталуда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!