Қазақстанда көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы өседі

12:14, 5 желтоқсан 2022

Астана. 5 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанда көпбалалы аналарға жаңа статус енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Тамара Дүйсенова жаңадан әзірленген Әлеуметтік кодекс жобасын таныстырды.

«Бала күтіміне байланысты төлемдер мерзімі ұзартылады. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мөлшері көбейтіледі және олар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» наградталған аналар деген жаңа статуспен қарастырылады», – деді Дүйсенова.

Министр президенттің тапсырмасымен 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін Ұлттық қордың инвестициялық кірісінен түскен табыстың 50%-ы көлеміндегі бастапқы капитал отбасыларға қосымша көмек көзі болатынын атап өтті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!