Қазақстанда көмір 18%, отын 9% қымбаттады

14:35, 19 қазан 2018

Қазақстан бойынша көмір мен отын 18 және 9 пайызға, ал газ бен жылу жүйесінің бағасы бір жылда 4 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ranking.kz сарапшыларының мәліметіне сүйенсек, Орталық жылу жүйесінің бағасы 2018 жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша 1 гигакалориясы 4 000 теңгеге жетті. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,1 пайызға көп. Табиғи газдың да бағасы бір жыл ішінде 4,2 пайызға қымбаттап, текше метрі 18,9 теңгеге жеткен.

Сарапшылар зерттеуі бойынша, қыркүйекте 1 тонна көмір 12,9 мың теңге тұрған. Яғни бір жылда 17,5 пайызға қымбаттап кеткен. Ал отынның текше метрі 6 мың теңгеге жоғарылап, 9,3 пайызды құрады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!