Қазақстанда көмір экспорты қысқарды

16:17, 25 маусым 2018
662

Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан 5,1 млн тонна тас көмірді 72,3 млн долларға экспорттады, деп хабарлайды LS. 

2017 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда көмір экспорты 30%-ға қысқарды. Ал бұл отын саудасы 50,5%-ға төмендеді.

Эспорттың көп бөлігі көрші ел Ресейге жүргізілді. Ол 4,1 млн тонна тас көмірді 49,9 млн долларға алды.

Финляндия 593,3 мың тонна көмірді 10,3 млн долларға, Қырғызстан 250,9 млн тоннаны 4,7 млн долларға, ал Швейцария 73,4 млн тоннаны  4,4 млн долларға сатып алды.

Белоруссия өз кезегінде 48,7 мың тонна қазақстандық көмірді 871 мың долларға алса, Өзбекстан 12,8 мың тонна көмір үшін 257,3 мың доллар жұмсады.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!