Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі

11:32, 24 маусым 2020

Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегеріледі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімі биылғы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне дейін ауыстырылады, - деді ол.

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста бірінші оқылымда салық салу және инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңнамаға енгізілген түзетулерді мақұлдады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!