Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашылды

15:30, 4 наурыз 2021

© Сурет: Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

1 наурыз бен 15 мамыр аралығында Қазақстанда көктемгі аң аулау кезеңі ашық болады. Бұл ретте көктемде тиісті аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшысының міндетті қатысуымен қоңыр аюды, үйректі, қара торғайды және тізімге сәкес басқа да жануарларды аулауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды zakon.kz Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидаларының 19-тармағы негізінде аң аулау маусымының басталуы туралы бұйрық шығарады.

Көктемгі аң аулау ережелеріне сәйкес, үйректерді аулауға тек аңшыда еліктіретін үйрек немесе толтырылған жануар болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Ал әуесқойлық (спорттық) аң аулауға бекітілген аңшылық алқаптарда ғана рұқсат етіледі. Сондай-ақ, бұл бекітілген аңшылық алқаптарға бару құқығына жолдаманың болуын талап етеді.

Егер жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидалары бұзылған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 382-бабына сәйкес жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салу не әкімшілік құқық бұзушылық заттары мен құралдары тәркіленіп, екі жылға дейінгі мерзімге аң аулау құқығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жаза көзделген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!