Қазақстанда кавасакиге ұқсас аурудан екі бала шетінеді

09:12, 1 қазан 2020

Қазақстанда кавасакиге ұқсас аурудан 2-3 жасар екі бала шетінеді.

30 қыркүйекте "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының" басқарма төрайымы Риза Боранбаева Азаттық тілшісіне осылай деп хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, ата-аналары балаларды ауруханаға кеш жеткізген. Бұған қоса, екі сәбиде қосымша сырқат болған, бірі "қызыл жегімен" ауырған. Дәрігерлер оларды аман алып қала алмаған.

Дәрігерлердің айтуынша, ауру коронавирустан жазылып шыққан балалар арасында кездесіп отыр. Қайтыс болған екі сәби бірнеше апта бұрын Covid-тен жызылып шыққан.

Риза Боранбаеваның айтуынша, Қазақстанда "кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромына" 41 бала шалдыққан. Олардың бәрінің ағзасынан коронавирусқа қарсы антидене анықталған. Науқастардың 37-і жазылған.

- Коронавирус жұқтырып, жеңіл түрімен ауырған балалар кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромына шалдығуы мүмкін. Бала ауырып-жазылған соң, екі-алты апта аралығында денесі бөртіп, қызуы көтерілсе бірден дәрігерге қаратыңыз. Дер кезінде диагноз қойылып, дереу емдесе жазылып кетуі мүмкін - дейді дәрігер.

Елде алғаш рет кавасакиге ұқсас мультижүйелі қабыну синдромы тамыздың 4 тіркелген. Екі ай ішінде 41-ке жеткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!