Қазақстанда карантиндік шектеулер қайта оралуы мүмкін – Тоғжанов

Нұр-Сұлтан. 30 маусым. 7kun.kz – Егер коронавирус жұқтырғандар саны көбейе берсе, карантиндік шектеулер қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Әзірге ешқандай қиыншылық жоқ. Екпе – басты мәселе. Бірақ ауру жұқтырғандар саны көбейсе, маска режимін қайтаруға болады. Қазір күніне 100 адамға дейін жұқтыру көрсеткіші тіркелуде, сондықтан сұрақтар туындап жатыр. Өңіраралық комиссияның отырысына карантиндік шараларды күшейту мәселелерін енгізудеміз. Бұл тек бетпердеге қатысты емес, жалпы шараларға қатысты», – деді ҚР премьер-министрінің орынбасары.
Қазір Денсаулық сақтау министрлігі екпе жұмыстарын күшейтетін болады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 29 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясының 137 жаңа жағдайы тіркелді. Аурудың басым бөлігі Алматыда – 77 және Нұр-Сұлтанда – 26. Бұл осы жылдың наурызынан бергі тіркелген ең жоғары көрсеткіш.
Источник: 7kun.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 17 тамыз 2022
Украинадағы жағдай: БҰҰ Бас хатшысы Львовқа барады
-
21:59, 17 тамыз 2022
Ұлыбританиядағы ең қымбат «ақылды» түрме 2025 жылы ашылады
-
21:37, 17 тамыз 2022
Абай облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікті анықталды
-
21:09, 17 тамыз 2022
30 жыл жазылған кітап: Шоқан Уәлиханов туралы туынды жарық көрді
-
20:53, 17 тамыз 2022
92 елде 35 мыңнан астам адамнан маймыл шешегі анықталды – ДДСҰ