Қазақстанда карантин шаралары күшейтілуі мүмкін
17:58, 27 қараша 2020
Арнайы брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой желтоқсан-қаңтар айларында карантин шараларының күшейтілуі мүмкіндігіне қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
Ол жағдайдың қатаң бақылауда болатынын атап өтті.
- Білесіз бе, біз апта сайын деректерді талдап отырамыз және соған қарап, болашақтағы жағдайды болжаймыз. Қазіргі жағдайға қарап отырып, біз желтоқсан мен қаңтар айларында карантин шараларының күшейтілуі мүмкін екенін байқаймыз. Барлығы қазір жағдайды біз қалай басқара алатындығымызға байланысты болады, - деді министр.
Оның айтуынша, қазір жағдай бақылауда.
- Қазіргі уақытта біз КВИ ерекше қарқынды өсімі байқалған аймақтар - Шығыс Қазақстан облысы және басқаларында оның өсім қақыны бәсеңси бастаған тенденциясын көріп отырмыз. Ал Шығыс Қазақстан теңестірілген кезеңге еніп, тіпті төмендеу үстінде. Яғни, біз жағдайды бақылап отырамыз және негізінен бұл болжамдарды апта сайын жаңартып отырамыз. Бірақ қазір біз ауру өсімі жүріп жатқанын көріп отырмыз, ол солай бола да береді. Бірақ, ең бастысы, ол ауыздықтауға, жүгендеуге келетін форматта болуы керек. Қазір біздің ауруханалар мен жұқпалы аурулар ауруханалар 22 пайызға ғана толды, барлық қарқынды терапия төсектерінің 17 пайызы қамтылған. Яғни, резерв бар, сондықтан жағдай қазір бақылауға көнетін форматта, ал қазіргі уақытта алаңдаудың қажеті жоқ, барлығы бақылауда, - деді Цой.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:45, 25 сәуір 2024
Тоқаев ел азаматтарын өзгелердің ақпараттық майданына араласпауға шақырды
-
12:28, 25 сәуір 2024
Президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты
-
12:16, 25 сәуір 2024
Лаңкестік қауіп-қатерлер тағы да алғы шепке шықты, деп есептейді Тоқаев
-
11:42, 25 сәуір 2024
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында Тоқаев қандай мәселелерді көтерді
-
11:03, 25 сәуір 2024
Алматыдағы түңгі клубта арнайы операция өткізілді