Қазақстанда қанша бала түрмеде отыр - ресми өкіл жауабы

12:49, 1 маусым 2020

Кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасындағы қылмыстар саны 10 пайызға төмендеді. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

2014 жылы кәмелетке толмағандар бойынша 3 533 қылмыстық іс тіркелді, 2015 жылғы бұл көрсеткіш - 2 923, 2016 жылы - 3 291, 2017 жылы - 3 121, 2018 жылы - 2 920, 2019 жылы - 2 645, ал биыл балалар 665 қылмыс жасаған, яғни кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 10%-ке төмендеген, - деді Әсет Оспанов Facebook-тегі онлайн-конференция барысында.

Оның айтуынша, түрмеде шамамен 40 жасөспірім бар, жыл басында олардың саны 42 болған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!