Қазақстанда қандай мамандар қазір сұранысқа ие?

09:46, 1 маусым 2020
148

Еңбек нарығы үздіксіз өзгеріп отырады, осыдан 5 жыл бұрын сұранысқа ие болған мамандықтар бүгін көзге ілінбейді және жалақысы да төмен болуы мүмкін. Мұндай өзгерістерді болжау оңай емес. Сондықтан FinReview.info сарапшылары әлемдік нарықты зерделеп, 5 жыл ішінде қандай мамандарға сұраныс болатынын, сондай-ақ қажетті білім мен дағдыларды қайдан алуға болатынын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін коронавирус пандемиясының аясында елдегі ең өткір тақырыптардың бірі еңбек нарығындағы жағдай болып табылады. Компаниялар елде төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін қызметін біртіндеп жаңғырта бастады. Олардың саны мамыр айының басында 1,4 мың бірлікке артып, 316 мыңды құрады. Алайда іскерлік белсенділік деңгейі көпжылдық минимумға дейін төмендеді — сәуір айында индекс көрсеткіші 50 тармақтық маркерлік мәндер ішінде 37,2 тармақты құрады. Бұл кәсіпорындар қысқа мерзімді перспективада бұрынғы штат санын қалпына келтіре алмайды деген сөз.

Қазірдің өзінде жұмыс орындарының саны күн санап азайып келеді, ал үміткерлер саны керісінше өсуде. Мысалы, enbek.kz электрондық еңбек биржасында мамыр айының басында 125,4 мың бос жұмыс орны жария етілді, бұл ретте қызметкерлердің түйіндемесі шамамен одан екі есе аз болғанын (75,7 мың бірлік) айта кеткен жөн, ал 25 мамырға қарай бос жұмыс орындарының саны 65,1 мың бірлікке дейін екі есе азайып, түйіндеме саны, керісінше, 165,3 мың бірлікке дейін өсті.

Сондықтан еңбек нарығында қарқындап келе жатқан бәсекелестік жағдайында мынадай сұрақ туындайды: "Қазақстанда қандай мамандар қазір сұранысқа ие?". Әлемдік еңбек нарығын, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс іздеудің танымал порталдарын (hh.kz, enbek.kz, hipo.kz) зерттеп, біз жоғары сұранысқа ие мамандықтарды анықтадық.

Жоғары буын менеджерлері

Covid-19 таралуының алдын алу үшін кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру, бизнесті цифрлық түрге келтіру және іскерлік белсенділікті қалпына келтіру ұзақ локдауннан кейін компанияны сақтап, оны оң мәнді теңгерімге алып шығуға қабілетті менеджерлердің қажеттілігін арттырды.

Бұл мамандар әсіресе еліміздің ІЖӨ-нің 29,5%-ын құрайтын және 3,3 млн. астам қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз ететін шағын және орта бизнес үшін аса өзекті. Олардың қызметін қалпына келтіру үшін ұзақ мерзімді дамуға бағдар алған дағдарыс және тәуекел жөніндегі менеджерлер қажет. Бұл мамандар тек өндірістік секторда ғана емес, ойын-сауық, коммерция, жарнама, білім саласында да сұранысқа ие.

IT-технологиялар және E-commerce саласындағы мамандықтар

E-commerce және IT-технологиялар саласындағы мамандар ағымдағы дағдарыстан ұтуда – наурыз айының үшінші онкүндігінен бастап кәсіпорындардың онлайн-режимге жаппай көшуі аясында осындай мамандарға деген сұраныс 5-7 есеге өсті. Бұл ретте олардың қажеттілігі қазір де сақталып отыр, өйткені кәсіпкерлер індеттің екінші фазасынан қауіптенеді.

IT-мамандардың арасында еңбек нарығына ең алдымен таргеттік және контекстік жарнамалар бойынша шеберлер, digital-маркетологтар, SMM- және SEO-мамандар, мобильді қосымшаларды әзірлеушілер, біліктілігі жоғары инженерлер, виртуалдық көріністерді жасайтын сәулетшілер қажет.

Big Data талдаушылары

Ауқымды деректерді талдау бүкіл әлемдегі компаниялар үшін және қазақстандық компаниялар үшін күнделікті маңызды міндет болып отыр. Экономистердің бағалауына сәйкес, экономиканың түрлі секторларындағы Қазақстан кәсіпорындарының шамамен 80%-ы бірқатар міндеттерін талдамалық технологиялардың көмегімен шешіледі. Қазірдің өзінде деректерді талдамалық бағалау ірі кәсіпорындардың стратегиялық дамуының негізіне айналып отыр. Сондықтан еңбек нарығында қолдарында статистикалық ақпаратты өңдеу және оны визуалдық көрсету құралдары бар ауқымды деректердің талдаушылары зор танымалдыққа ие болады. Мұндай құралдардың ішінде SPSS, R, MATLAB, SAS Data Miner, Tableau жиі ауызға алынады.

Сату жөніндегі мамандар

Сауда секторы ШОБ субъектілері арасында бизнестің ең танымал саласы болып табылады – мұнда қолданыстағы кәсіпорындардың үштен бірі немесе 432,1 мың субъект жұмыс істейді. Сауда кәсіпорындарының орташа айлық айналымы соңғы бес жылда 62%-ға өсіп, 2,5 трлн теңгені құрады.

Бұл ретте соңғы жылдары сауда секторында электрондық коммерцияның қарқынды дамуы аясында мобильді қосымшалар арқылы сатып алу -жаңа тренді пайда болды. Қазақстанда смартфондар арқылы тапсырыстар рәсімдейтін сатып алушылардың үлесі ғаламдық үрдістерден (әлемдегі көрсеткіш 54%-ды құрайды) оза отырып, 65%-ға жақындады. Сондықтан кәсіпкерлер тұтынушылар сұраныстарын қанағаттандыру үшін компаниялардың ұсыныстарын әлеуетті клиенттердің кең ауқымына дейін, сондай-ақ ұялы жарнаманың артықшылықтары мен ерекшеліктерін түсінетін қызметкерлерге лезде және ықшамдап жеткізе алатын мамандарды қолдарына түсіргілері келеді.

Инновация саласындағы мамандар

Мұнда негізгі сұраныс алаңына биохимиялық және жоғары технологиялық жасақтамаларға, нанотехнологиялар мен робототехникаға ден қойған мамандар шоғырланған. Олардың ғылыми әзірлемелері еңбек өнімділігін күшейтіп және экономиканы әртараптандыруды жылдамдата отырып, өндіріс және өңдеу секторларында белсенді түрде қолданылады.

Медицина қызметкерлері

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты медицина қызметкерлерінің қызметі аса жоғары сұранысқа және ірі беделге ие болды. Жұмыс берушілердің жатпай-тұрмай іздейтін мамандарының қатарына инфекционистер, фтизиатр, хирург-онколог, дәрігер-косметологтар, гинекологтар, эндокринологтар кіреді.

Біліктілікті арттыру менеджерлері, коучтар

Қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес еместігін жұмыс берушілер үнемі айтып жүр. Соның салдарынан түлектердің төрттен бірі жұмысқа орналаса алмайды, ал 129 ЖОО ішінде 61-нің жұмысқа орналасу деңгейі 50%-дан төмен.

Сондықтан жетіспейтін кадрлардың орнын толтыру үшін кәсіпкерлердің шамамен 65%-ы өз қызметкерлерін қайта бейіндеуге инвестиция салады. Бұл өз кезегінде жұмыс берушінің талаптарына сәйкес кадрларды іріктеумен айналысатын адам ресурстары саласындағы мамандарға деген өткір қажеттілікті туындатады.

Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болу үшін өзекті білім мен дағдыларды қайдан алуға болады?

2020 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша 15-28 жастағы жұмыссыз жастар елде 78,9 мың адамды құрады. Алайда сәуір-мамыр айында бұл сан айтарлықтай өсті, себебі кәсіпорындар төтенше жағдай режимі жабылғаннан кейін қаржылық тұрақтылықты реттеу үшін бизнес-процестерді оңтайландыруға кірісті. Кейбір бағалаулар бойынша олардың саны 2 есеге өсті. Тиісінше, еңбек нарығындағы бәсекелестік да артты.

Әлбетте, бос жұмыс орындарына сұраныстың артуы үміткерлерге деген талаптарды күшейтеді. Қазір еңбек нарығында белсенді жұмыс іздеушілердің 56%-ның жоғары білімі бар. Алайда "Атамекен" ҰКП бағалауынша, жұмыс берушілер жоғары білім сапасына тек 32%-ға ғана қанағаттанған.

Қазақстанда кадрларды кәсіби дамытудың, сондай-ақ қазіргі нарықтық үрдістерді ескере отырып, олардың құзыреттерін арттырудың табысты институттарының бірі "Астана" халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби даму бюросы (BCPD) болып табылады.

BCPD-да кадрларды кәсіби дамыту қаржы секторының 16 саласында жүзеге асырылады. Сондай-ақ бюрода халықаралық стандарттар бойынша мамандардың дағдыларын арттыру және оларды кәсіби қоғамдастықта жоғары бағаланатын CFA және ACCA сияқты бағдарламалар бойынша сертификаттауға дайындау аса маңызды болып табылады.

Бұл кадрлар тек АХҚО-ның өзінде ғана емес, қаржы орталығына қатысушы компанияларда да, сыртқы ұйымдарда да жұмыс істеу үшін даярлануда. BCPD арқылы қазір ұлттық экономикада еңбек етіп жатқан 3 мыңға жуық адам оқып шықты. Бұл осы бюроның қызметінің экономикалық тиімділігі болып табылады, өйткені қазақстандық еңбек нарығы біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті жаңа буын кадрларымен толығады.

Сонымен қатар BCPD базасында IT-таланттарды дамыту үшін QWANT-бағдарламалау инновациялық мектебі іске қосылды. Қазірдің өзінде мектепте ІТ-қызметтер нарығының бәсекелес бағыттары – клиенттік және серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету, бұлттық есептемелер, Blockchain, операциялық жүйелер, деректер базасы бойынша 350-ден астам адам оқытылуда. Ал таяу перспективада бағдарламалар еңбек нарығы үшін киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және Digital-маркетинг саласындағы басым бағдарламалармен кеңейтілетін болады.

QWANT оқулары Еуропа мен АҚШ-тың үздік бағдарламалау мектептерінің озық тәжірибесін біріктіретін Qwasar Silicon Valley -Кремний алқабының цифрлық платформасы арқылы жүргізіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір