Қазақстанда ежелгі ескерткіш бұзылып жатыр

17:32, 20 қазан 2021

© Сурет: t.me/baseke_team

Қостанай облысында 4 мың жылдық тарихы бар қонысты бұзып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Алексеев қонысы б.д.д. 2 мыңжылдықтың қола дәуірінің соңғы кезеңіне жатады. Бұл қонысты өткен ғасырдың 20-шы жылдары археолог Борис Соколов тапқан. Ежелгі адамдар мекендеп, жерленген қоныс тарих үшін құнды саналады, мемлекет қорғауына да алынған болатын. Алайда қазір бұл жердің тағдыры қыл үстінде тұр, деп жазады телеграмдағы каналдардың бірі.

Өңірдегі экологиялық белсенділер дабыл қағуда. Археологиялық ескерткіш орналасқан жерде біреулер экскаватормен жер қазып жатыр. Белсенділердің айтуынша, жеке компания металл іздеп жатқан көрінеді. Қазба жұмыстары бір аптадан бері жүріп жатыр. Ал жергілікті атқарушы органдар оған рұқсат берген жоқпыз дейді.

Осыдан төрт жыл бұрын Қазақстанда "Рухани жаңғыру" бағдарламасы қабылданды. Ұлттың терең тарихын зерделеп, ұпайын түгендеуді көздеді. Еліміздің аумағындағы барлық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мен сақтауға тапсырма берілді. Ескерткіштер – ел тарихы немесе тарихи-мәдени мұра халық тарихының аса маңызды айғағы саналады. Адамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде қорғап отыруды талап етеді.

Екі жыл бұрын Қазақстан Парламенті Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" заңының жаңа жобасын қарап, мақұлдады. Жоспардан тыс археологиялық қазба жұмыстары заңсыз болып табылатыны жазылған.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы өз аумағында тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы заңдарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Ескерткiштерге қауiп төндiретiн құрылыс және өзге де жұмыстарды тоқту және тыйым салу туралы мәселенi шешуі тиіс.

Мемлекет бір жағынан миллиондап ақша бөліп, елдегі ескерткіштерді түгендеп жатыр. Ақшаға құныққан кейбір мекемелер екінші жағынан бұзып әлек. Бұзуға неге құмармыз?


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!