Қазақстанда әлі де тұрақсыз ауа-райы сақталады

16:21, 9 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

ҚР территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, республикамыздың солтүстігі, шығысы мен орталығында жауын-шашын (жаңбыр,қар) жауады, республикамыздың қалған аймақтарында ауа-райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Кей жерлерде тұман, желдің күшейюі, республикамыздың оңтүстік, оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен, солтүстікте көктайғақ күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман бақыланып, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, таңертең және күндіз желдің күші 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с болады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман бақыланады.

Жамбыл, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейіп кей жерлерінде тұман бақыланады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, таеңертең және күндіз Маңғыстау облысының жағалауында тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз жел, шаңды дауыл болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!