Қазақстанда электронды темекіге талаптар күшейеді

11:39, 28 қазан 2021
169

© Сурет: pixabay.com

Қазақстанда техникалық регламент әзірленді, онда электрондық сигареттерге қойылатын арнайы талаптар күшейтілетіні, сондай-ақ олардың импорты үшін жауапкершілік белгіленетіні жазылған. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулерді талқылау кезінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутат Сұлтан Дүйсембинов заң жобасына сәйкес, Қаржы министрлігіне фильтрлі, фильтрсіз темекіге ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу функциясы берілгенін атап өтті.

Жақында қабылданған денсаулық туралы жаңа кодексте электронды темекі алғаш рет қарапайым темекіге теңестірілді, өйткені олардың денсаулыққа әсері де қауіпті және никотинге тәуелділікке әкеледі. Қаржы министрлігінің мемлекеттік органдармен темекі өнімдерінің өндірісі мен айналымын бақылауды жүзеге асыру бойынша, электрондық темекіге қатысты қандай өзара іс-қимыл бар деген сұрақ туындайды, - деген сауал тастады ол Қаржы министрлігінің өкіліне.

Бұған жауап ретінде Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл сенаторды қазір электронды темекі импортына жауапкершілік енгізілуде деп сендірді.

Біз бақылаймыз. Осы жылдың сәуір айынан бастап таңбалау жүргізіледі. Бұл шаралар электронды темекінің айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Бір мәселе, жауапкершілікті белгілеу. Біз қазір электронды темекі импортына жауапкершілік енгізу туралы ұсыныспен шыққымыз келеді. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі электронды темекі айналымын шектеу үшін техникалық регламентті анықтады, онда электронды темекіге арнайы талаптар күшейтіледі. Қазіргі уақытта бұл регламенттер мемлекеттік органдарда келісу кезеңінде, - деп хабарлады ол.

Бақытжан Отарбаева


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!