Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

12:49, 3 желтоқсан 2021

© Сурет: pixabay

Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде минус 2 °C – плюс 7°C күндіз 2-12°C жылы болады.

Синоптиктер 4-6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, алдағы күндері тұрақсыз ауа райы болады.

4 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады.

5-6 желтоқсанда еліміздің көп бөлігінде қар аралас жаңбыр күтіледі, көктайғақ, тұман, жел болады.  Ал Қазақстанның солтүстік жартысында бұрқасын соғады.

Батыста ауа температурасы түнде минус 5 °C – плюс 3 °C, күндіз 3°C аяз – 5 °C жылы болады.  Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде минус 6 °C – плюс 3°C-тан 3-11°C-ке дейін, күндіз 0-8°C аралығында аяз болады деп күтілуде. Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы минус 5-13°C-тан 10-18°C-қа дейін, күндіз минус 2-10°C-тан минус 5-13°C-қа дейін төмендейді деп күтілуде. Республиканың шығысы мен орталығында ауа температурасының түнде 5-13°C-тан 10-20°C аязға дейін, күндіз 0-10°C аязға дейін ауытқуы күтіледі.  Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде минус 2 °C – плюс 7°C күндіз 2-12°C жылы болады. "Қазгидромет" РМК

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!