Қазақстанда босанған әйелдердің өлімі неден болады - министрдің жауабы

17:43, 13 шілде 2018

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов босанған әйелдердің өліміне себеп болатын негізгі мәселелерді атады, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Өкінішке қарай, бүгінде республика бойынша аналар өлімі көбейіп отыр. Енді аталған көрсеткіш бірде жоғары, бірде төмен болып жатады. Аналар өліміне себеп болатын жағдайлар көп. Бұның барлығы жан-жақты зерттеледі. Дегенмен, бұған дейінгі жағдайларды алатын болсақ, талдаудың нәтижелері ауыр патологияның болғанын көрсетіп отыр. Ал ондай патологиялар болғанда бала көтеруге болмайды. Дегенмен, әйелдер оған қарамайды. Сосын жүкті болғаннан кейін ауруxанаға дұрыс қаралмайды", - деді Е.Біртанов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Министр Астанадағы перинаталдық орталықта болған жағдайды да еске алды. Ол кезде үш бірдей босанған ана қайтыс болды.

"Енді, ондай кезде сараптама жасалады. Оған біраз уақыт кетеді. Себебі патологоанатомдық және морфологиялық зерттеу жүргізіледі. Қазіргі кезде дәл осы сараптамалар әлі де жасалып жатыр. Бізде қоғамдық денсаулық сақтау комитеті бар. Алдағы уақытта комитет төрағасы Жандарбек Мұxтарұлы сараптаманың қорытындысын жариялап, үш ананың өліміне себеп болған мәселелерді міндетті түрде айтып береді. Бұл құпия ақпарат емес", - деп атап көрсетті Е.Біртанов.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!