Қазақстанда бір апта ішінде қанша шетелдік көлік заңдастырудан өтті

20:48, 30 қаңтар 2023

© Сурет: Zakon.kz

Қазақстанда бір апта ішінде шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша 30 мыңнан аса өтінім мақұлданып, 6 мыңнан аса көлікке қазақстандық жаңа нөмір берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 30 415 өтінім мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды". ҚР ІІМ

Айта кетсек, Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру шарасы 23 қаңтарда басталды. Бұл - бір реттік акция. Заңдастыру бойынша бекітілген ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданыста болады. Бұл жеңілдікті жеңіл автомобильдер, шағын, орта автобустар (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдері (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде рөлі оң жақта орналасқан автомобильдер иесі пайдалана алады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!