Қазақстанда баспана бағасы арзандауы мүмкін
© Сурет: 24.kz
Қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына байланысты баспана мәселесін шешті. Адамдар ипотекасын төлеп, несие көлемін қысқартты. Бұл - әділетті қоғам құрудың бір жолы. Көпшілікті қуантқан шешім ҰКСК-да қолдауға ие болған еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 11,2% -ға артқан, бірақ тұрғын үйлердің 40% -ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілген.
Баспаналардың көпшілігі өте қымбат. Қазір құрылыс компаниялары арзан тұрғын үй сала алмай отыр. Осыған байланысты, қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылыс компанияларымен сатудың офтейк шартын жасау қажет. Сонда баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының бағасымен сатып алынады. Бұрын мұндай құрал сынақ жоба ретінде енгізілсе, енді оны бүкіл ел бойынша кеңкөлемді масштабта қолдану қажет. Бұл қолжетімді бағамен қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, - деді Қазақстан Президенті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:03, 25 сәуір 2024
Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайда ресми сапармен жүр
-
17:54, 25 сәуір 2024
Қазақстандық мектептерде оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді
-
17:35, 25 сәуір 2024
Ұзақ демалыс кезінде МӘМС жарналарын қалай төлеуге болады
-
17:33, 25 сәуір 2024
Тоқаев ҚХР қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады
-
17:31, 25 сәуір 2024
Тоқаевтың ҚХА сессиясындағы маңызды мәлімдемелері – толық мәтін