Қазақстанда балаларды діни бағытта тәрбиелеп келген балабақшалар анықталды

14:41, 25 қыркүйек 2018
376

Қазақстан қалаларында діни бағыттағы балабақшалар анықталды. Бұл туралы ҚР қоғамдық даму вице-министрі Берік Арын сенаттың әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің отырысында мәлімдеді.

Вице-министрдің сөзінше, еліміздегі барлық балабақшада тексеріс жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Діни бағыттағы балабақшалар анықталған жағдайлар болды. Көбіне Алматыдан анықталды. Қазіргі уақытта олардың қызметі тоқтатылды. Бізде мұндай тексеріс жиі жүргізіліп тұрады», – дейді Берік Арын.

Сонымен қатар вице-министр діни балабақшаға барып жүрген балалардың ата-аналары діни секталардың өкілі болғанын айтты.

Жиналыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалаық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылды.

Жобаны дайындаушылар дінді деструктивті мақсатта қолдануға жол бермеуді, «деструктивті діни ағымдар» және «діни радикализм» ұғымдарын енгізуді ұсынды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!