Қазақстанда ауыр қылмыстың көпшілігі ішімдіктің әсерінен жасалады
ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов үкімет отырысында өңірлердегі қылмыстың деңгейі мен себептері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
"Өкінішке орай, өңірлерде біз қылмысты алдын алудың тиісті жүйесін құра алмадық. Көптеген өңірлерде қылмысты негізінен тұрмыс аясында, мас күйінде және бұрын қылмыс жасаған адамдар жасайды", - деді ол.
Оның мәліметінше, жалпы еліміз бойынша отбасындағы қылмыс 46%-ға өсті. Атап айтсақ, ШҚО-да 3 есеге, Түркістан облысы 2,5 есеге, БҚО-да 83%-ға, Қарағандыда 40%-ға, Қостанайда 28%-ға артқан.
Ішкі істер министрінің айтуынша, мас күйде жасалған қылмыстар саны елімізде екі өңірде өскен: Астанада 22%, Маңыстау облысында 15%.
"Жалпы еліміз бойынша бұрын сотталған азаматтар жасаған қылмыстар саны қысқарып келе жатқанын атап өтті. Биыл бұрын сотталғандар 4 мыңнан астам қылмыс жасаған. Осының бәрі учаскелік полицей инспекторлардың міндетіне жатады. Соңғы уақытта қылмыстың алдын алу жұмыстары бойынша олардың рөлі төмендеп бара жатыр. Ауыр қылмыстардың 60-70%-ы көбінесе тұрмыстық салада маскүнемдер тарапынан жасалады", - деді Қасымов.
Министр қазіргі таңда 70 мыңға жуық маскүнем полиция және денсаулық сақтау орындарының бақылауында екенін айта кетті.
"Елімізде маскүнемдерді емдеу орталықтарының саны жетіспейді. Өткен жылы осы ұйымдарға 5300 адам жолданған. Соның 1000 астамы емдеуден өтпеген, себебі төсек орындары жетіспеген", - деп қорытындылады министр.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:53, 24 сәуір 2024
«Торсыққа су жинаймыз». Қазақстанда тұңғыш рет Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді
-
22:38, 24 сәуір 2024
ОПЕК + келісімі: Қазақстан мұнай бойынша асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді
-
22:28, 24 сәуір 2024
«Адам іздеп жүрмін!». Астанада Әкім Ысқақтың шығармашылық кеші өтті
-
22:15, 24 сәуір 2024
Қорғаныс министрі су тасқыны кезінде көмекке жұмылдырылған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді
-
21:50, 24 сәуір 2024
«Жаңбыр соңы қарға ұласады». Бейсенбіде еліміздің 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды